Қаржы министрлігі түрлі мессенджерлер арқылы келетін ұсыныстар негізінде тауарлар мен қызметтерге қаражат аудармауға кеңес береді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, әдетте, жалған қызмет ұсынушылар жеке де, мемлекеттік те ұйымдардың атын жамылып арнайы жасалған жалған веб-сайттарына сілтемелер жібереді.
«Сондай-ақ, мұндай сайттар ресми түрде аударым қызметтерінде тіркелген және сіздің несие картасымен төлем өте сенімді көрінеді. Бұндай жағдайда басқа сенімді интернет көздері арқылы ресми сайттарда көрсетілген телефондарға қоңырау шалып, өнім немесе қызмет туралы барлық ақпаратты тексеру қажет.
ҚМК азаматтардан заңсыз ақша алудың ең танымал және кең тараған тәсілі болып cаналатын қаржы пирамидаларына қатыспауға тағы да шақырады. Пирамида схемасының ең басты ерекшелігі — жоғары кірістер туралы уәделер, оларды бір рет орындауға болады, бірақ одан да көп қаражатты жоғалту қаупі тым жоғары. Мұндай ұйымдар әлеуметтік желілердегі белсенді жарнама жасайды және материалдық-құқықтық базадан басқа ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы жоқ», — деді ведомстводағылар.