Қазақстан бұрынғы КСРО және Еуропа елдерінің ішінде тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады. Ал Люксембург бұл тізімде ең соңғы болып тұр. Бұл туралы РИА Новости зерттеуінде жазылған.
Сарапшылардың мәліметінше, Еуропа елдерінің көбінде отбасылық бюджеттің негізгі шығындарының бірі азық-түлікке жұмсалады. Шығын көлемі өмір сүру жағдайына қарай әр елде әртүрлі.
Ал тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің ең көбі бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері болып шықты. Рейтингтегі барлық елдің ішінде соңғы орында Қазақстан тұр. Қазақстандықтар табысының 49,4 пайызын тамақ алуға шығындалады екен.
Украина және Молдова тұрғындары да отбасы табысының 40-тан аса пайызын азық-түлікке жұмсайтын болып шықты.