Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.
Ведомство мәліметінше, бұл процесс криоконсервация деп аталады. Қазақстанда фертиль жастағы әйелдерді қайта ұрықтандыру мүмкіндігі үшін эмбриондарды криоконсервациялау және сақтау жүзеге асырылады. Процесс Қазақстан денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 624 «Донорлықты жүргізу және жыныстық жасушаларды сақтау ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.