Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған достық эстафетасы Құрманғазы ауданынан Индерге жеткізілді.
Еске салсақ, облыстық Қоғамдық келісім кеңесі қолға алған бастама Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарында жүзеге асырылды.
Нұржан ЕРМҰХАНОВ, Атырау облысы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы биыл ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай, «Достық» эстафетасын Жылой ауданына жолдаған еді. Бұл шара осы 25 жылдың ішінде елдегі болып жатқан көптеген игі істердің, еліміздің ауызбірлігінің, ынтымағының достық қарым-қатынасының белгісі деп білеміз.
Құрманғазылық меймандар алдымен аудан орталығындағы тарихи ескерткіштерді аралап, жергілікті қылқалам шеберлерінің еңбектерімен танысты. Санитария талаптары қатаң сақталған шараға 50 шақты өзге ұлт өкілі жиналды. Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев «Достық» эстафетасын Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауиге табыстады. Салтанатты шара Рысбай Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің өнер көрсетуімен жалғасып, ән мен күй орындалып, түрлі ұлт өкілдері өнерімен қуантты.
Джуьлетта БОЧОРИШВИЛИ, Индербор кентінің тұрғыны
Қазақтанға келгеніме 25 жыл болды. Индер ауданына күйеуге шықтым. Үш балам бар. Бәрі жақсы, бақыттымын. Бәріне денсаулық, отбасылары бақыт тілеймін.
Жерасты қазба байлығымен небір тума таланттарды түлеткен дендерліктер эстафетаны алдағы күндері көршілес Исатай ауданына жолдайды.