Атырауда ТМД елдерінен әкелініп, тіркеуден өтпеген көлік иелерінің мекен-жайы белгісіз. Осы себепті, олар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуден жалтарып кетіп жатады.
Жақында аймақта автокөліктердің сақтандыру полисіне қатысты жедел профилактикалық шара басталды. Мақсаты – міндетті сақтандыру шартын жасамаған көліктерді анықтау.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның алғашқы күні тіркеуден өтпеген, міндетті сақтандыру жасаспаған 12 көлік анықталды. Бәрінің мемлекеттік белгісі – шетелдік. Тексеру барысында олардың біріне 34 рет жылдамдығын асырғаны үшін 500 мың теңге айыппұл салынғаны анықталды.
Көлік иелеріне ӘҚБтК-нің 230-бабымен хаттамалар жасақталып, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Жедел профилактикалық шара әлі жалғасуда.