Мақат аудандық ауруханасына берілген жылжымалы медициналық кешен орталықтан 60 шақырым қашықтықтағы Ескене және Таскескен бекеттеріне барды. Білікті қызметкерлер тұрғындарға дәрігерлік кеңес беріп, денсаулық жағдайына байланысты айтқан шағымдарына қарай тексеру жүргізді.
Топ құрамында хирург, терапевт, лор, лаборант, гинеколог, узи, тіс, көз дәрігерлері және басқа да ауру түрлерін қарайтын мамандар бар. Тамаша мүмкіндікті пайдаланған ауыл тұрғындары кезек-кезегімен дәрігерлердің қабылдауында болып, ем-шараларын алды.
Компьютерлік құралдармен жабдықталған көлік үстіндегі көшпелі медициналық кешен алдағы уақытта да алыс ауылдарға жиі барып тұрмақ.