Жалпы аумағы 120 гектар болатын егіс алқабында қартоп, жуа, қызылша, сәбіз, орамжапырақ секілді бірнеше көкөніс түрі өсірілген. Қазір 6 мың тонна егін өнімі жиналды. Оның 17 тоннасы картоп, әрқайсысы 50 тоннадан сәбіз бен қызылша, сондай-ақ, 70 тонна жуа бар. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығы күн сайын облыс орталығына 30 тонна көкөніс пен бақша өнімін жөнелтеді. Ал оларды сату қаладағы 3 сауда нүктесі арқылы жүзеге асуда. Мұнда фермадан әкелінген сапалы һәм жаңа өнімдер нарықтан әлдеқайда арзан бағада сатылып жатыр.
Ақтұрлан ЕРМАНОВ, «Дастан» шаруа қожалығының атқарушы директоры:
Осыдан 15-16 жыл бұрын бір-ақ дақылмен бастасақ, бүгінде көкөністің 12 түрінен өндіріп жатырмыз. Мысалы, біз қазақпыз, көп нәрсені түсінбейміз. Бірақ облысқа келіп жатқан әртүрлі шетелдік жұмыс күштерінің сұранысына байланысты дастарханға сол өнімдерді беруге тырысамыз. Сондықтан барлық дақылдарды өндіруге жұмыстанып жатырмыз.