Мақаттық велошабандоздар 7 күнде 800 шақырымды бағындырды. Ауданнан бағыт алған «ВелоМақат» клубының төрт велосипедшісі Мақат-Бейнеу-Үстірт-Сайтөс-Шетпе-Жыңғылды-Таушық-Ақтау бағытында жүріп өтіп, велоклубтың рекордын жаңартты.
Данияр ҚАЗАҚБАЕВ, велошабандоз
Мақаттан шыққаннан жеті күнде Ақтауда болдық. Жолда қызықты жерлерге соқтық. Бейнеуде Бекет атаның мешітіне соқтық. Отпантауға соқтық. Одан бергірек әдемі жерлерді көрдік. Шетпе жақтарда әдемі жерлер бар. Қиыншылықтар болады. Аяққа да ауыр болады. Жел ең басты қиыншылық. Сосын Маңғыстау жақта қырлар көп шығатын солар қиын болды. Дөңгелектер жарылды. Бірақ ол қатты қиын қиыншылық емес, ауыстыра қоямыз.
Аудандағы велосипедшілер клубы 2014 жылы құрылды. Негізін қалаушылардың бірі Абзал Аманчиев алғашқыда екі аяқты көлікті жұмысқа қатынау үшін таңдаған. Топ құрылғаннан кейін аудан шабандоздары бірнеше жарысқа қатысып, кейін көпкүндік спорттық велотуризмге қарай бетбұрыс жасайды.
Абзал АМАНЧИЕВ, велошабандоз
Одан кейін әртүрлі Атыраудың белсенді топтарымен байланыс орнатып, олардың ұйымдастырған веложарыстарына, шараларына барып жүрдік өзіміздің мақаттың веосипидистері болып. Солай жайлап екі адамнан, қосылып қазір көбейдік. Вело Мақаттың тобында белсенді 15 адамдай бар. Жыл сайын өзіміз ұйымдастырып, бір күндік емес бірнеше күндік, 300 шақырыманан жоғары әртүрлі турлар ұйымдастырып жүрміз қазір.
Шайтанарба аяқ бұлшық еттерін нығайтып, ағзаның қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, қан айналымының дұрыс жүруіне оң әсерін тигізетіні белгілі. Велоәуесқойлар денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, түрлі тур арқылы туған жердің тарихи орындарына табан тигізіп, тарихын танып жүрміз дейді.
Абзал АМАНЧИЕВ, велошабандоз
2016 жылы біздер Венгриядан қонақтар келді солар менбіздер Ақтолағай деген жерге үш күндік велотур ұйымдастырып, Мақаттан бес күн жүріп, Құлсарыға жеттік. Даланың жоларымен. Жолда Ақтолағай, Ақкергешен деген жерлерге бардық. Былтыр 2019 жылы біздер бес адам болып Мақаттан Иманқараға барып жоспарлап шықтық. Сондай бір тарихи жер бар сол жерге үңгірге барып келдік. Шамамен 300 шақырымдай жол жүрдік. Оны үш күнде өтіп шықтық.
Мөлдір Ізтұрғанова, тілші
Велосипедшілер көпкүндік турларға жаз мезгілінің аяғында немесе күз мезгілінің басында шығады. Бұл өте қолайлы уақыттар. Ал бір күндік турларға кез-келген уақытта шыға беруге болады. Сондай-ақ, алысқа сапарлау үшін екі аяқты көліміздің де талапқа сай болғаны жақсы. Ал, велосипедшілер егер ынта мен ниет болса, кез-келген велосипед жарайды деген пікірде.
Бұқаралық спорттың дамуына мақаттықтардың қосып жатқан үлесі аз емес. Ауданда соңғы жылдары велосипедке қонғандардың қатары артып келеді. Шығыны аз, денсаулыққа пайдасы мол қозғалыс құралын пайдаланатындар алдағы уақытта Мақат-Ақтөбе-Орал-Атырау бағытында 1400 қашықтықты бағындаруды жоспарлап отыр.