Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса?! Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне жоспарланған онкүндік жоба аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Құрманғазы ауданында акция ұйымдастырды. Шараға атсалысқан дәрігерлер мен дене шынықтыру мамандары әр белсенді қатысушыны құр қол қалдырмады.
Жанаргүл ОРАЗОВА, Құрманғазы аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мейірбикесі
Бүгінгі акция жалпы барысы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде мақал-мәтелдің жалғасын табу, екінші кезең спорттық ойындар, үшінші кезең марапаттау. Аудан көлемінде өтіп жатырған акцияға аудан тұрғындары мен жастар белсенділік танытты.
Аудандық спорт кешенінде ұйымдастырылған жарыстың мақал-мәтелге арналған бірінші кезеңіне кез келген жастағы ауыл тұрғындары қатысса, екінші бөлімдегі арқан тарту мен асық ату сайыстарында жасөспірімдер белсенділік танытты.
Айгүл ДІЛМАҒАНБЕТОВА, аудан тұрғыны
-Бүгінгі денсаулыққа байланысты шаралар жақсы өтіп жатыр. Өте керемет. балалар спортпен шұғылданады, өте көп балалар қазір спорт мектебінде.
Ұйымдастырушылар акция барысында жол жарақаттарының алдын алу, жүктілікті жоспарлау, фаст-фудтан бас тарту, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану сынды тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізілгенін атап өтті.