Фискалды түбіртек бермегені туралы құзырлы органға хабарласаңыз, сыйақы ретінде телефон нөміріңізге 1 000 теңге аласыз. Осындай заңбұзушылыққа ұшырағандар үшін Аппстор немесе Плэймаркет желілерінде «Wipon» тегін қосымшасы бар. Ал мобильді бағдарлама арқылы түскен шағымдармен Мемлекеттік кірістер департаментінің өзі айналысады.
Әлия БАЙТЕМІРОВА, Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маман
Көпшілік тауарлы чекті фискалдымен шатастырады. Мысалы, біз мейрамханадан тамақтанып болған соң, бізге тауарлы чек береді. Біз оған қоса фискалды түбіртекті сұрауымыз керек. Себебі, онда салық төлеушінің барлық мәліметтері жазылған. Кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып кету мақсатында ақшаны кірістер депаратаментіне көрсетпеудің амалын табады.
«Түбіртек талап ет те, сыйлық ұтып ал» республикалық акциясы мамырда басталды. Содан бері департаментке 400-дің үстінде шағым келіп түскен. Мамандардың айтуынша, бірінші рет заң бұзған мекемеге ескерту беріледі, ал екінші рет қайталанған жағдайда 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Малика Такежанова, Тілек Асқаров, Каспиан ньюс.