CaspianLife, 30 қыркүйек. Алматыдағы орталық стадионда Қазақстан футболының XV Кубогының финалы өтті, онда «Атырау» ФК мен «Ақтөбе» ФК кездесті.
Кубок тарихында алғаш рет финалда батыс дербиі өтті. Ойын 1:2 есебімен «Ақтөбе» ФК пайдасына аяқталды. Алғашқы голды «Атырау» футболшылары 24-минутта Николай Сигневичтің соққысымен соқты. «Ақтөбе» ойыншылары матчтың соңғы минуттарында екі гол соқты – 89-минутта Алибек Қасым, ал 90-минутта Фредди Гондола.
Қазақстан футбол лигасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «… кубок иегері 65 миллион теңге алады, ал жеңілген командаға 45 миллион теңге беріледі».