Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, осыған байланысты, ғылыми зерттеулер негізінде 2023 жылы мемлекеттік табиғи резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленді.
Тиісті штат саны бар дербес заңды тұлға түрінде мемлекеттік табиғи резерват құру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда балық шаруашылығы комитеті материалдық-техникалық жарақтандырудың тиімділік нормаларын әзірлеуде. Осылайша, әзірленген бұйрық жобасы резерваттың жұмысы үшін қажетті көліктер мен ғылыми-зерттеу және оңалту бөлімшелеріне арналған жабдықтарды, сондай-ақ инфрақұрылым объектілеріне арналған жабдықтарды көздейді.
Осылайша, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін табиғи резерваттың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.