CaspianLife, 19 тамыз. Абай атындағы мектептің оқушысы Нұрайлым Бақытжанқызы Қытайдың Уси қаласында өткен «2024 WORLD TAEKWONDO GRAND SLAM YOUTH LEAGUE FINAL» жарысында жеңіске жетті.
Бұл туралы оның жаттықтырушысы Руслан Аманғалиев хабарлады.
Айта кетейік, осыдан бұрын Дубайда өткен жарыста да Нұрайлым чемпион атанған еді. Ендеше, біз де оған жеңісті сәттері көп болсын деген тілек білдіреміз!
Ақпара: Серпер газеті