CaspianLife, 1 тамыз — Атырау облысында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап, алтауы түрлі жарақат алған. Біреуі мерт болды.
Ал былтыр 9 бала құлап кеткен еді. Атырау облыстық ТЖД мамандары мұндай жағдайға көбіне ата-ананың балаға салғырт қарауы себеп екендігін айтады. Сондықтан ересектер жағы кішкентайларға бас-көз болу керек екендігін ескертеді.
Атырау облыстық ТЖД басқарма басшысы Нариман Өтешов:
«Ата — аналарға ескертетініміз балаларды қараусыз қалдырмауға, үйде қандай бір пәтерде қандай бір шара жасап, жұмыс жасап жатқан кезде балдарды көзінен тыс қалдырмау керек. Сонымен қатар, терезеге оңай мініп кетпесі үшін айналасына стол, жиһаздарды қоймау қажет және терезені де заманауи пластик терезелер шығып жатыр. Ол оңай ашылады. Москитный сеткадан балалардың сүйеніп тұрып, төмен қарай құлап кету жағдайлары болып жатыр. Соған байланысты балдарыңызды көздерінен тыс қалдырмай, әрқашанда бағып жүргендеріңіз сұралады»- деді.