CaspianLife, 10 шілде – Бүгін ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Оқиға Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта болған. 17-19 жас аралығындағы жастар қолдан жасаған «қайықпен» теңізге шығып, қайта жағаға келе алмай қалған.
Медициналық көмек қажет болмады.