CaspianLife, 4 шілде — Еске сала кетейік, маусымның 25-нен 26-на қараған түні күшті жел мен нөсер жауын кезінде Жеңіс саябағы аллеясында жеті жасар қызға ескерткіш құлап кеткен еді. Бала ауруханада көз жұмды.
Аталған оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, түрлі сараптамалар тағайындалды. Бүгін Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға куә болғандар мен ескерткішті көтеруге көмектескен азаматтарға тергеу басқармасына хабарласуын сұрап, мәлімдеме таратты. Бұл үшін төмендегі мекенжай немесе телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
— Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, №55 (№329 кабинет)
— телефон нөмірлері: 98-22-72, +7 702-741-53-95, +7 747-750-95-95.