CaspianLife, 24 маусым — Аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы 135 отбасыға көмек көрсетілді. Оларға ұн, макарон, қарақұмық, секер, сүт, бұқтырылған ет, тұрмыстық тазалағыш заттар мен жеке күтім құралдары барлығы 10 тоннаға жуық тауар таратылды. Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара облыс әкімдігімен қолдауымен өткізілді.
Әлеуметтік көмек миялылық 45, Сағыз, Мұқыр, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара ауылдарынан 60 отбасыға және Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау, Тайсойған ауылының 20 тұрғынына үлестірілді.