CaspianLife, 21 маусым — Көктемде Каспийге 5 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.
«Жалпы, су қоймаларында 12,5 млрд текше метр су жиналды. Қазір бізде үлкен 87 су қоймасы бар. Олардың бәрі 90 пайыздан астамға толып тұр. Ауыл шаруашылығына, өндіріске пайдаланылады. Мұнан бөлек, Каспий теңізіне 5 млрд текше метрден астам, Балқаш көліне 3 млрд текше метрден астам су жібердік. Сол сияқты Қызылорда облысындағы Тереңкөл өзеніне 1 млрд текше метр, Павлодар облысында лимандарға 6,7 млрд текше метр су жібердік. Жалпы есептегенде 18 млрд текше метр суды пайдаланып, 12,5 млрд текше метр су жинадық», — деді министр Парламент палаталарының отырысынан кейін.