CaspianLife, 21 маусым — Бұл туралы Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, бүгін, 21 маусым күні кешкі сағат 20:00-ден 23 маусым (жексенбі) сағат 20:00-ге дейін Қабдолова көшесінің бойындағы жол учаскесінде демонтаждау және асфальт жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі (№ 1 кірме теміржол жолының ауданы). Аталған жұмыстар Атырау қалалық әкімдігі мен полиция бөлімімен келісілді. Бұл аймақта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.