Жылдың басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып мерт болды. Қазіргі су айдындарында 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттарда су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жүргізіледі.
ТЖМ құтқарушылары жыл басынан бері 76 адамды, суға шомылу маусымы басталғалы бері 24 адамды құтқарды.
Бүгінде елімізде 708 шомылуға және демалуға рұқсат етілген орындар бар. Маусым айының соңына дейін тағы 33 жағажай ашылады.