CaspianLife, 14 маусым — Бүгін, 14 маусымда Атырау қаласында төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің оныншы қабатының терезесінен құлап кетті.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 9 шамасында болған. Бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«14 маусым күні сағат 9:00 шамасында Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған 4 жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», -делінген Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінде.