CaspianLife, 31 мамыр — Елімізде су тасқынынан зардап шеккен халықтың несиесін кейінге қалдыру бойынша банк және микроқаржы ұйымдарымен келісім жүргізілді. Атырау облысы бойынша 45 739 адамның 59 млрд 795 млн теңге көлемінде несиелік төлемдері кейінге қалдырылды.
«Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың несиелерін кейінге қалдыру бойынша әлі де жұмыстар жалғасуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк пен микроқаржы ұйымдарына несиелерді кейінге шегеру үшін осы санаттағы халықтың тізімдерін жіберуде» дейді Атырау қаласы Өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Асланбек Кабесов.
Спикердің мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша тасқын судан зардап шеккен 67 949 адамның 87 млрд 692 млн теңге несиелері кейінге қалдырылған.