CaspianLife, 28 мамыр — 28-мамыр күні Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге көтеріліп, қазір 600 см болып тұр. Қауіпті межеден 50 см асқан. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында да өсім 1 см-ді көрсетті.
Индербор кентінің тұсында 7 см-ге төмендеп, қазір 968 см-ге жетті. Ал Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі төрт күннен бері өзгеріссіз. 1020 см.
Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде де су деңгейі төрт тәуліктен бері өзгеріссіз тұр. 28-мамыр Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.