CaspianLife, 23 мамыр — Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұхамбетәлиевтің айтуынша, тасқын судың көп келуіне байланысты, тағы 6 су өткізгіш құбыр салынуда.
«Жұмыс 24-30 сағатқа жоспарланды. 25 адам, 40 техника жұмылдырылуда. Стратегиялық жол болғандықтан, жұмыстарды, бүгін, яғни, 23 мамыр сағат түнгі 00.00-ге дейін аяқтау жоспарда» -деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Атырау — Индер» бағытындағы тас жолдың 24-шақырымына 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын.