CaspianLife, 23 мамыр — Күшікті балалардың көзінше ұрып, жерге лақтырып жіберген қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы ПД хабарлады.
Жануарға жасалған қатыгездік балабақша ауласында, тәрбиеленушілердің көзінше болған. Күшік балалардың қасына келді, бірақ ер адам жануарды теуіп, жерге лақтырып жіберді. Кейін күшік орнынан тұрып, жүре алмай қалған.
«Полиция Жұлдыз ықшам ауданы аумағында орналасқан балабақша ауласында қараусыз жүрген итті аяқпен теуіп, жарға лақтырып, қорлаған 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» -делінген хабарламада.