CaspianLife, 23 мамыр — Жайық деңгейі 23-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 5 см-ге төмендеп, 10 м-ді көрсетті. Махамбет ауылы маңында да Жайық өзенінің деңгейі 4 см төмен түсті.
Ал Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі 4 см-ге көтеріліп, 585 см-ге жетті. Қауіпті межеден 35 см асқан. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында да 3 см көтеріліп тұр.
Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі өзгеріссіз. Қазір мұндағы су деңгейі 350 см. Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі 1 см-ге түскен.
Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.