CaspianLife, 23 мамыр — Жалғансай ауылында қазіргі ахуал тұрақты, ауылдық округте қауіптің сейілуіне байланысты Д.Төленов атындағы орта мектебінде орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіріліп жатыр, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Сондай ақ, туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екендігі хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылуда. Сумен шайылған бөгет қосымша нығайтылуда. Тұрғын үйлер мен обьектілерді су баспады. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі 1020 см.
Еске сала кетелік, 22 мамыр, 23.41 — де Жалғансай ауылына кіреберіс тас жолына жақын маңдағы бөгет жарылды.
Оқиға орнында жағдайды реттеу бойынша іс — қимылдарды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев жүргізді.
Сумен шайылған бөгетті күштер мен құралдар және ауыл тұрғындары бірігіп 04 сағат 20 минутта толықтай қалыпқа келтірді. Қазіргі уақытта қалыпқа келтірілген бөгетті қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнында жұмылдырылған күштер мен құралдар саны: 842 қызметкер, 84 техника, 21 қайық.