Жайық өзені 15-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 2 см-ге төмендеп, 10 метр 39 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейден 194 см асып тұр.
Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 8 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 988 см-ге жетті. Қауіпті саналатын межеден 138 см асып кетті. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 2 см-ге көтеріліп, қазір 553 см-ге жетті.
Қауіпті деңгейден 3 см асып тұр. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі 5 см-ге төмендеп, қазір 364 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі 1 см-ге төмендеген. Қазір мұндағы су деңгейі 228 см.