CaspianLife, 26 сәуір — Биыл мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылмайды. Оқу-ағарту министрлігі мұны еліміздегі бірқатар аймақта болған су тасқынына және 25-мамырдың демалыс күнімен сәйкес келуімен түсіндірді. Мамырдың 24-і күні мектептерде түлектер үшін сынып сағаты ұйымдастырылып, оқу жылы қорытындыланады. Атырау облысында биыл 149 мыңнан астам оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды. Оның 6000-ға жуығы 11-сыныпты, 13 мыңға жуығы 9-сыныпты бітіргелі отыр.
Орынтай Биманова, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары
11-сыныптың түлектеріне аттестат пен ерекше аттестат тапсыру және Алтын белгімен марапаттау бұл 12-15 маусым аралықтарында өтеді. Яғни, барлық мектептердегі емтихандар аяқталғаннан кейін бітеді. Айта кететін тағы бір жай, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігі мен емтихандарға сапалы дайындығын қаматамасыз ету мақсатында ақша жинауға, түрлі көлемдегі салтанаттық іс-шараларға, банкеттерге, автомобильмен шығатын шерулерге тыйым салынады