CaspianLife, 26 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдай:
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 613 см., деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 см құрайды.
Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 428см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі.Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 237 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
«26 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды», — делінген хабарламада.