CaspianLife, 26 сәуір — «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 26 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылында өзен деңгейі бір тәулікте 8 сантиметрге түскен. Онда қазір – 872 см (қауіпті шегі – 1 250 см).
Сондай-ақ Орал қаласы тұсында 4 (855 сантиметр, қауіпті шегі – 850 см), Бәйтерек ауданы Көшім ауылында 2 сантиметрге (855 см) төмендеді.
Есесіне Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында бір тәулікте 14 сантиметрге көтеріліп, 562 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түсіп жатыр.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша республика өңірлері мен қалаларынан көмекке келгендердің бір тобы бүгін елдеріне қайтады. Сонымен қатар әлі де қалып жатқандар бар.