CaspianLife, 25 сәуір — Қазақстан облысы көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақтанып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді.
Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдай департаменттерінің және Қарағанды облысының 52859 әскери бөлімшесінің әскерлері Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысына көмекке аттанды.
Жолға жиналған 281 әскери қызметкерді шығарып салу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қиын сәтте қолдау білдірген әскери мамандарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілген уақытта өзге өңірлерден әскери құрылымдардың, оның ішінде өзге облыстардан келген Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық Ұланның, Шекара қызметінің жеке құрамдары төтенше жағдаймен күресуге атсалысқан болатын.