CaspianLife, 25 сәуір — Бүгін Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 7 см-ге көтеріліп, 604 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 6 см-ге көтеріліп, су деңгейі 721 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 404 см-ге көтерілген.
Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 310 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 2 см-ге төмендеп, 166 см-ді көрсетті. БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 25-сәуір күні 7 см төмендеді. Ал Орал қаласының тұсында 4, Көшімде 1 см түссе, Тайпақта 10 см-ге көтерілді. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 3 см-ге көтеріліп, қазір 425 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Жайықтың жоғары жағындағы Жайық-Орынбор гидробекетінде су деңгейі әлі де төмендеп келеді. Мұнда бір тәулік ішінде су деңгейі 15 см-ге түсіп, қазір 884 см болып тұр. 25-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 192 текше метр су жіберіліп жатыр.