CaspianLife, 24 сәуір — Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 14 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 302 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Волгоград суқоймасынан секундына 25 550 текше метр су жіберіліп жатыр.
Жайықтың жоғары жағындағы Жайық-Орынбор гидробекетінде су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Мұнда бір тәулік ішінде су деңгейі 19 см-ге түсіп, қазір 899 см болып тұр. 24-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 192 текше метр су жіберіліп жатыр.
БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 23-сәуір күні 7 смге, Орал қаласының тұсында 2 смге төмендесе, Көшімде 2, Тайпақта 9 см-ге көтерілді.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір 422 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 10 см-ге көтеріліп, 597 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 5 см-ге көтеріліп, су деңгейі 715 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 398 см-ге көтерілген.