CaspianLife, 23 сәуір — Қазіргі уақытта эпидемиологиялық, оның ішінде ішек инфекциялары бойынша Қызылқоға ауданында жағдай тұрақты.
Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, тасқын кезінде «Қарасу» жер асты су қорындағы ұңғымаларды су басқан. Сол себепті, уақытша 3 ұңғыма арқылы тұрғындарға берілген ауыз судың сапасын анықтау мақсатында 12 бактериологиялық, 12 санитариялық-химиялық сынама зертханаға жолданған. Нәтижесінде, санитариялық-химиялық сынамадан нормативтік көрсеткіштерге сәйкес лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталған. Қазіргі таңда, аталмыш кемшіліктер жойылып, Миялы ауылында су үздіксіз беріліп келеді.
«Ауданға келген тасқын судың бөлініп қалған шалшық суларынан А вирусты гепатитіне мен ротовирусты жұқпаларына зерттеуге су сынамасы алынды. Талдау жасалып жатыр»,- деді аудандық санитралық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратова.