CaspianLife, 23 сәуір — Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.
Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.
Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті.
— Жылыой ауданынан 3271 отбасына жалпы сомасы 1 267 653 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, — деді Серік Шәпкенов.