CaspianLife, 19 сәуір — Тасқын судан зардап шеккен құлсарылықтар жергілікті атқарушы орган тарапынан бағалау жүргізетін мекеменің қорытындысымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз компаниялардың көмегіне жүгінсе болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты.
«Үкімет тарапынан мүлікті бағалауға қатысты нақты бір алгоритм әзірге жоқ. Әдетте әкімдік арнайы тендер жариялап, жеңімпаз компаниямен келісім жасайды. Содан кейін ол объектілердің жағдайына баға беріп, қорытынды шығарады. Мұндай жағдайда тұрғынның көбі әкімдік тарапынан бағалау жүргізетін мекеменің қорытындысымен келіспейді. Сондықтан сотқа жүгінуге құқылы», — деді аймақ басшысының орынбасары Жасұлан Бисембиев.