Caspianlife, 15 сәуір — Махамбет ауданына қарасты Жалғансай ауылдық округіндегі ұзындығы екі шақырымға жуық ескі дамбы биіктетіліп, жаңадан 1,5 шақырым бөгет соғылды. Бұл жұмыстың басы-қасында 20 техника мен 100-ден аса ерікті жүр. Ауыл халқы бір кісідей дамбы басында жүріп, күні бүгінге дейін 50 мың қапшыққа құм толтырған. Жалғансайлықтарға көмекке келген әскерилер де жұмысты өндіріп жатыр.
Күндіз түні еңбек етіп жатқан еріктілерге осы ауылдың қыз-келіншектері ыстық тамақ дайындап, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп жатыр.
Соңғы ресми мәлімет бойынша Жайық өзенінің деңгейі Махамбет кенті маңында бір тәулікте 14 см-ге көтеріліп, су деңгейі 654 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см.