CaspianLife, 15 сәуір — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлыбаев Ақтөбе облысына сапары барысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік бөлген жер учаскелерінің жай-күйін тексерді.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, өңірде 436 дайын жер учаскесі бар. Оның ішінде Ойыл ауданында 321, Қобда ауданында 77, Әйтеке би ауданында 22, Темір ауданында 10 және Ақтөбе қаласында 6 жер учаскесі бар.
Министр жүргізіліп жатқан жұмыстың жеделдігі мен сапсына көз жеткізу үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Қанат Шарлыбаев жергілікті кәсіпкерлермен, құрылыс компанияларының өкілдері кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы қалпына келтіру жұмыстары аясында бірлескен жұмыс жоспарлары мен стратегиясы талқыланды. Қалпына келтіру процессін жеделдетуге және оның сапасын арттыруға көмектесетін құрылыс процесстерін оңтайландыру мәселелері қозғалды. Министр жоспарлаудан бастап тікелей құрылысқа дейінгі жобалуды іске асырудың барлық кезеңінде ашықтық пен жариялылықтың маңыздылығын атап өтті.