CaspianLife, 15 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 9 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 373 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 3 см-ге көтеріліп, 528 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 14 см-ге көтеріліп, су деңгейі 654 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 337 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 7 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 170 см болып тұр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 20 см-ге төмендеп, 224 см-ді көрсетті. 15-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 447 текше метр су жіберілуде. ️Оралда Жайық өзеніндегі су деңгейі 8 метрге жақындап келеді, ал қауіпті деңгей 8,5 м.