CaspianLife, 14 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 12 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 364 см-ге жетті. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 9 см-ге көтеріліп, 525 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі 640 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 323 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 173 см болып тұр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 24 см-ге төмендеп, 244 см-ді көрсетті. 14-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 447 текше метр су жіберілуде.