CaspianLife, 12 наурыз — «Дина» базары жабылады. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат жалған. Бұл туралы сауда орталығының басшылығы мәлімдеді.
-Мына әлеуметтік желіде Дина орталық базары жабылады деген ақпарат тарап жатыр. Бұның бәрі жалған ақпарат. Себебі, базар штаттық режимде тұрақты жұмысын істеп тұр. Саудагерлердің бәрі өз орындарында. Азық-түлік пен тауарлар қоры жеткілікті. Сонымен қатар, саудагерлер мен кәсіпкерлер де Ақсай округі мен Мұнайшы микрорайонында бал соғу жұмыстарын жасап жүр. Қазіргі күні жағдай тыныш. Ондай жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз, — деді «Дина» сауда орталығы басшысының орынбасары Қаһарман Жәрдемов.
Облыста ТЖ жарияланғалы бері осындай алып-қашпа әңгімелер әлеуметтік желіде қаптап кетті. Сондықтан, кәсіпкерлерге жағдайды түсіндіру үшін Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Полымбет Хасанов супермаркет және базар иелерімен кездесті. Оларға қазіргі жағдайда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтермеуді және оны бақылауға алуды ұсынды.
Қазіргі таңда жедел штаб әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі фейк ақпаратқа қарсы күресті күшейтуде. Сондықтан, штаб мүшелері тұрғындардан ресми дереккөзге сүйену қажеттігін ескертеді.