CaspianLife, 12 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 22 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 334 см-ге жетті. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 14 см-ге көтеріліп, 501 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 28 см-ге көтеріліп, су деңгейі 605 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 288 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 2 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 163 см болып тұр. Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 8 см-ге төмендеп, 268 см-ді көрсетті. 12-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 720 текше метр су жіберілуде.