CaspianLife, 24 наурыз — Нұрсая шағын ауданына қарасты бірқатар көп қатарлы тұрғын үйлерінде наурыз айының 24-і күні сағат 20:12 шамасында “Қалалық тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесі теңгеріміндегі № 36,54 тарату стансасының жер асты кабелімен қамтамасыз ететін желісінде релелік автоматикасы іске қосылу мақсатында, апатты өшу болды.
Алайда шағын ауданды жедел түрде электр жарығымен қамтамсыз ету мақсатында “Атырау Жарық” АҚ — ы мекемесінің екі оқшауламаларды сынау, үш кабельдік электр желісі бригадалар тобы және жеті арнайы техника қалыпқа келтіру жұмыстарын атқаруда.