CaspianLife, 5 сәуір — Жылыой ауданында Жем өзенінің арнасынан асып, су 2 және 3 ауылға кіру қауіпі туындады. Осыған байланысты аудан әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіретінін хабарлады.
«Құрметті 2 және 3 ауыл тұрғындары!
Жылыой ауданында Жем өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны 2 және 3 ауыл кіру қауіпі туындауына байланысты, Құлсары қаласының 2 және 3 ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады.
Бірінші кезекте көшіруге жататын адамдар санаты: әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар»-делінген хабарламада.
Қабылдау пункттері:
* №18 орта мектеп ғимараты
* №8 мектеп ғимараты
* №9 орта мектеп ғимараты
* №6 орта мектеп ғимараты
* №5 орта мектеп ғимараты
•№1 орта мектеп ғимараты
* № 16 орта мектеп ғимараты
«Қауіпсіз аймаққа көшіру жақын жол жиегінде орнатылған «БатысТехИнвест» ЖШС автобустары арқылы жүзеге асырылады. Өздеріңізбен бірге жеке бас құжаттары, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) ала баруларыңыз сұралады»