CaspianLife, 20 наурыз — Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Саясат апатты деп танылған Бейбітшілік 64 және Байжігітов 76 тұрғындарына жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады.
— 1960 жылдары салынған қос қабатты үйлер апатты деп танылған болатын. Міне, бүгін сол пәтерлердің иелеріне қалалық бюджеттен «Samal Town» жеке тұрғын үй кешенінен үй сатып алып, 24 отбасыға кілтін табыстадық. Көктем айларында апатты деп таңылған тағы екі үйдің 19 отбасын жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр,- деді Н.Саясат.