CaspianLife, 19 наурыз — Ұлттық қордың кірісі өссе, балаларға берілетін төлем де өседі. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Ұлттық қордан балаларға төлемдер 2024 жылы басталды, 6,9 миллион баланың әрқайсына 100,52 доллардан төленді.
«Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлемдер де өседі. Оны 100 миллиард долларға дейін көтеру туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Бұл орындалса, әрине, пайызы әлдеқайда жоғары болады, бүгінде ол 60 миллиард доллар болып тұр. Ол ылғи 100,52 доллар болмайды. Мен қазір жоғары шекті айта алмаймын, көріпкел емеспін, бірақ одан да көп болады деп үміттенеміз. Біз одан да көп болатынын білеміз», —деді Тәкиев.