CaspianLife, 7 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ертең, 8 наурыз күні әйелдер үшін Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерде, сондай-ақ қала маңындағы бағыттарда жүру тегін болады.
Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада айтылғандай, автобустар тұрақты кесте бойынша – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.