CaspianLife, 6 наурыз — «Үміт» бағдарламасы әйел кәсіпкерлерге бизнесін дамыту үшін мол мүмкіндік ұсынады. Бағдарламаны іске қосу үшін бөлінген бастапқы қаражат – 10 миллиард теңге. Бұл бағдарлама аясында Қазақстанның барлық өңірі, соның ішінде ауыл, шағын және моно қалалардағы арулар екінші деңгейлі банктер арқылы несие ала алады.
Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиенің максимал мерзімі – 84 айға дейін, шекті сомасы – 100 миллион теңге. Қолдау экономиканың барлық секторларын қамтиды. Тек қаржы және сақтандыру саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және көтерме-бөлшек сауда ғана кірмейді.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында аруларға «Даму» Қоры Еуропа қайта құру және даму банкімен (EBRD) әріптестігі аясында тегін оқу курстары мен тренингтер ұсынады. Бұл халықаралық ұйыммен бірлескен бағдарлама кәсіпкер әйелдерге бизнесті басқару және нарықтағы табысты бәсекелестік үшін қажетті кәсіби машық, білім мен құралдарға ие болуға мүмкіндік береді.
«Үміт» бағдарламасы жайында толығырақ damu.kz сайтында танысуға болады.
Колл-орталық нөмірі: 1408
«Даму» Қорының жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.