CaspianLife, 29 ақпан — Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен 21 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Тінту кезінде күдіктіден Retay маркалы тапанша, жиналмалы пышақ табылды. Сондай-ақ, қала аумағында синтетикалык есірткіні жасырған мекен-жайлары да анықталып, сатуға дайындалған есірткі орамалары тәркіленді.
Қазіргі таңда 21 жастағы күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.